Бұл туралы Маңғыстау облыстық ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
- 29 маусымда, сағат 20:30-да Жаңаөзен қаласындағы Геофизик демалыс орнында, жағадан 700 метр қашықта Маңғыстау облысы ТЖД ЖҚБ құтқарушылары Рахат-1 ауылының 1995, 1996 жылғы тұрғындарын аман алып қалды. Қазір олардың жағдайы жақсы, медициналық көмекке мұқтаж емес. Құтқару барысында ЖҚБ-нің 2 қызметкері, 1 жүзу құралы жұмыс істеді, - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.