Биыл 1 тоқсанның қорытындысы бойынша туризмде көрсетілген қызметтер көлемі 1,2 млрд. теңгеге өсті. Шет елдерден және елден 55 мыңға жуық турист келді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Облыс әкімінің айтуынша, бұл өткен жылдың алдыңғы кезеңімен салыстырғанда 4% - ға артық.
"Қазіргі уақытта Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес және Үкіметтің қолдауымен Ақтау қаласының жылы жағажайын инфрақұрылымдық дамыту бойынша жобаларды іске асырудың екінші кезеңі жалғасуда. Курорттық аймақты дамытудың 2-кезеңі аясында 4 ірі инвестициялық жоба және 2 жобаны жергілікті инвесторлар орындайды. Нәтижесінде 350-ден астам жаңа жұмыс орнын құрып, 102 млрд.теңгеден астам инвестиция тарту жоспарланып отыр", - дейді облыс әкімі Нұрлан Ноғаев.
Бұл жобалардың барлығы аймақ экономикасының дамуына оң мультипликативті әсер береді.
1. Гольф-клуб. Виллалары бар "Fairmont" Гольф-қонақ үйі - жобаның құны - 59,5 млрд. теңге;
2. Торогвые рады "Town Center" - жобаның құны - 32,8 млрд. теңге;
3. "Виллалар мен апартаменттер кешенінің құрылысы" – жобаның құны-2,8 млрд. теңге;
4. "Aqualina Resort" курорттық-қонақ үй кешенінің құрылысы " - жобаның құны-7,0 млрд. теңге;
5. "Түпқараған ауданында Визит-орталығының құрылысы" (2-кезең) инвестиция көлемі - 100 млн. теңге;
6. "Фламинго Резорт" демалыс базасы жобаның құны - 500 млн.теңге.
Бүгінгі күні Үкіметтің қолдауымен халықаралық және ішкі бағыттар бойынша аптасына 27 бағытқа 152 авиарейс ұшады, оның ішінде алыс және жақын шетелдерге 19 бағытқа 61 рейс бар. 2021-2022 жылдары аралығында Үкіметтің қолдауымен халықаралық және ішкі бағыттар бойынша аптасына 20 рейс қалыпқа келтірілді. Мамыр-маусым айларынан бастап аптасына 2 рет жаңа халықаралық 6 бағытта әуе рейсі іске қосылды. Ал теміржол көлігі арқылы тасымалданған жолаушылар саны 42,4%-ға артты.