Марафонға қатысушылар 1 шағынаудандағы «Ақбота» паркінен 15 шағынаудан «Амфитеатрға» дейінгі 7 мың метр қашықтықты жүгіріп өтті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Марафонға Маңғыстау облысы полиция департаментінің басқармасы, дербес бөлім қызметкерлері және қала тұрғындары, яғни 200-ге жуық адам қатысты.
Жарыстың мақсаты - азаматтардың рухани байлығы мен мәдениетін, шығармашылығын дамыту және салауатты өмір салтына баулу.
Жарыс қорытындысы бойынша 15 қатысушы жүлделі орын иеленді. Оның ішінде 30 жасқа дейінгі ерлер арасындағы біріншілікте 1-орынды Парахат Абдижамалов алды. 40 жасқа дейінгі ерлер арасындағы біріншілікте 1-орынды Мақсат Мұрат иеленді. Жасөспірімдер мен қыздар арасындағы біріншілікте Ян Канавалов пен Дильназ Асланова жеңімпаз атанды.
Марафонға белсенді қатысып, шеберліктерін танытқан барлық қатысуға медальдар мен мақтау қағаздары табысталды.
Айта кетейік, аталған шара Қазақстан полициясының 30 жылдық мерекесіне орай ұйымдастырылды.