Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
- 1 маусым күні Маңғыстау облысы ІІД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, Иран Ислам Республикасының азаматы ұстады. Тінту барысында Ақтау қаласындағы пәтердің бірінен жалпы салмағы 39 келі болатын «апиын» есірткі заты табылып, тәркіленді. Күдіктіге қатысты Ақтау қалалық тергеу соты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі (Есірткі құралдарын өткізу мақсатында заңсыз дайындау, алу, сақтау, тасымалдау) бойынша ҚР ҚК-не тіркелді. Тергеу мүддесіне қатысты басқа ақпарат жарияланбайды, - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.