Маңғыстауда референдум учаскілеріне 245776 адам дауыс беруге келіп, оның ішінде 174503 (71%) “Иә” деп дауыс берген, деп хабарлайды mangystaumedia.kz қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Референдум комиссиясы төрағасы орынбасары Жармағанбет Айтуаровтың
хабарлауынша, дауыс беру кезінде заңбұзушылықтар анықталмаған, арыз-шағымдар түспеген.
- Облысымызда референдум ұйымдастыруды және өткiзудi қамтамасыз ететін 1 облыстық, 2 қалалық, 5 аудандық, барлығы - 8 аумақтық референдум комиссиялары жұмыстарын жасады. Сонымен қатар Ақтау қаласы бойынша -78, Жаңаөзен қаласы бойынша -37, Бейнеу ауданы бойынша -28, Қарақия ауданы бойынша – 16, Маңғыстау ауданы бойынша – 22, Мұнайлы ауданы бойынша – 36, Түпқараған ауданы бойынша – 14, барлығы 231 референдум учаскесі, оның ішінде азаматтарды тіркеу орны бойынша 217 учаске әлеуметтік нысанда, 14 жабық түрдегі учаскелер басқа типтегі нысандарда референдумға қатысуға құқығы бар азаматтарға қызмет көрсетті. Бұл учаскелік комиссиялардың жұмыстарын жүргізу үшін жалпы саны 1625 комиссия мүшелері тартылды. Азаматтардың өтініштері бойынша дауыс беру құқығын беретін 1956 дана есептен шығару куәлігі (открепительный талон) табысталды. Референдумда облыс бойынша белсенділік қалыпты деңгейде болды. Жалпы, таңертеңнен кешке дейін 245776 адам дауыс беруге келіп, өзіңнің таңдауын жасады. 174503 (71%) тұрғын өзгерістерді қолдап дауыс берсе, қалған 71 273 адам бейтарап ойын білдірді, - деді Жармағанбет Айтуаров.