«Маңғыстау – Арена» спорт кешенінде орналасқан №241 референдум учаскесінің комиссия мүшелері мүмкіндігі шектеулі жандардың үйлеріне барды.
-№241 учаскесіне 7 мүмкіндігі шектеулі жан тіркелген. Олардың әрқайсысына телефон шалып, үйлеріне баруды ұйғардық. Комиссия мүшелері ретінде арбада отырған мүгедектердің үйлеріне дауыс беруге арналған жәшік пен бюллетеньдер апарып, олардың құқықтарын түсіндірдік. Мүмкіндігі шектеулі жандар елдің ертеңіне үлес қосатын саяси шараға белсенді қатысып, өз дауыстарын берді. Жалпы, тұрғындардың белсенділігі жоғары, ешқандай бұзушылық орын алған жоқ,-деді №241 учаске комиссиясының төрағасы Нұрбол Халиманов.