Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында Шекара қызметінің мерзімді әскери қызметшісі асылып қалды, - деп хабарлайды mangystaymedia.kz сайты ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі сарбаздың өзіне қол жұмсауының себебі әскери қызмет өткерумен байланысты емес, отбасылық-тұрмыстық проблемалары болған, дейді.
Құқық қорғау органдары қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр.
Ал Мемлекет басшысы әскерге шақырылған сарбаздың қайтыс болуына байланысты арнайы комиссия құруды тапсырды.
«Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан армиясындағы әскери қызметкерлері арасында өлім деректерінің көбеюіне ерекше назар аударды. Мемлекет басшысы аталған оқиғалардың себебін анықтау, әскери қызметшілер арасындағы заңсыздықтарды жою және алдағы уақытта әскердегі осындай келеңсіздіктің алдын алу үшін өзінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетовтің басшылығымен арнайы комиссия құруды тапсырды. Мұндай жағдайларға жол берген офицерлер жазаланады», - деп хабарлайды Ақорда.