Маңғыстау облысында 30 059 мүмкіндігі шектеулі жан бар. Оның ішінде 18 мыңнан аса тұрғын республикалық референдумға қатысады. Оларға тегін инватакси қызмет көрсетеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Маңғыстау облысында 1 топтағы жүріп тұруы қиын мүгедектігі бар адамдарды тасымалдайтын 11 инватакси жұмыс істейді.
Қазіргі таңда қалалық, аудандық жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар басқармаларына хабарласқан мүгедектігі бар адамдардың санына сәйкес референдум күні 7 инватакси көлігі қызмет көрсетеді деп жоспарланып отыр.
Ақтау қаласы бойынша 2 арнайы инватакси көлігі жұмыс істейді. Қосымша қажеттілік пайда болған жағдайда тағы 1 арнайы инватакси автокөлігі қосылады.
«Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ:
Ақтау қаласы, 29 шағын аудан., "Заветная мечта" ТК, 0 қабат
Байл.тел.: 8/7292/43 26 16
"Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ:
Жаңаөзен қаласы, ш / а. Жалын, 25б ғимараты, 2 қабат, 213 кабинет
Байл.тел.: 8/72934/57 988
"Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ:
Мұнайлы ауданы, Маңғыстау ауылы, 14 квартал, 30 ғимарат, 1 қабат, 1 кабинет
Байл.тел.: 8/7292/46 58 75
"Маңғыстау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ:
Маңғыстау ауданы, Маңғыстау ауылы, 14 квартал, 30 ғимарат, 1 қабат, 1 кабинет
Байл.тел.: 8/7292/46 58 75
"Түпқараған аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ:
Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласы, Оңғалбаев көшесі, №2
Байл.тел.: 8/72938/22 760
"Қарақия аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ:
8/72937/ 2-12-67
"Бейнеу аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" ММ:
Бейнеу ауданы, Бейнеу селосы, Д. Тәжіұлы көшесі, аудан әкімдігінің ғимараты
Байл.тел.: 8/72932/2 12 75