«Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ Барлау және өндіру жөніндегі Басқарма төрағасының орынбасары Құрманғазы Есқазиев Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында Қаражанбас кен орнында болып, еңбек ұжымымен кездесу өткізді. Кеңеске «Қаражанбасмұнай» АҚ Бас директоры Ли Тецян, ҚБМ Бас директорының бірінші орынбасары Қуанышбай Нұрғалиев, департамент басшылары, өндірістік басқарма басшылығы мен жұмысшылары, сондай-ақ ҚБМ Кәсіподақтарының төрағалары және цех комитеттерінің өкілдері қатысты.
Мұнайшылар алдында сөз сөйлеген ҚМГ басшысының орынбасары өндірістік көрсеткіштерге, технологиялық процесті жаңғырту және жандандыру жөніндегі жұмыстарға тоқталды. Ол ҚБМ компаниялар тобының интеграциясынан кейінгі оң өзгерістерді ерекше атап өтті. Сондай-ақ, Қ.Есқазиев қабат суын тұшыту зауытын уақтылы іске қосу үшін жұмыс күштерін біріктіру қажеттігіне баса назар аударды.
Кездесу барысында 5 маусымға жоспарланған республикалық референдумды өткізуді ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Құрманғазы Есқазиев мұнайшыларды белсенділік танытып, ел үшін маңызды оқиғаға қатысуға шақырды. Өз кезегінде, жұмысшылар өздерін қызықтырған бірқатар сұрақ қойып, ұсыныстарын айтты. Сауалдарға уақытылы жауап берілді.
«Мұнайшылардың қажырлы еңбегі арқасында ел экономикасының негізі берік. Сондықтан алдағы референдумда әрқайсыңыздың дауысыңыз ерекше маңызды. Өздеріңіз білетіндей, реформалар елдегі саяси өмірді жандандыруға жаңа серпін береді», - деп атап өтті Құрманғазы Есқазиев.
Айта кетейік, вахта ауысымы жұмысшыларының сайлау процесіне қатысуы мен дауыс береуін қамтамасыз ету мақсатында кен орнында сайлау учаскесі жұмыс істейді.