Жаңаөзен қаласының жаяу жүргіншілер жолдарының жанына қойылған оқушы бейнесі салынған макет бір күн өтпей жатып сынып қалды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Instagram әлеуметтік желісінде @zhanaozen_online парақшасы оқушы макетінің басы сынып жатқанын жариялады.
Айта кетейік, Жаңаөзен көшелерінде балаларды қорғау күніне орай 16 макет орнатылған еді.
Еске салсақ, жаяу жүргіншілер жолағының жанына қойылған макеттер «ӨзенМұнайГаз» АҚ жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподақ демеушілігімен, қалалық қоғамдық кеңес және қала әкімдігінің қолдауымен жүзеге асты.