Beeline Маңғыстау облысында желінің таралу аймағын кеңейтіп, сапасын жақсартуда. Шалғайдағы елді мекендердің тұрғындары да тең цифрлы мүмкіндіктерге қол жеткізе алады.
Өткен 2021 жылы оператор Қазақстанның оңтүстік батысындаға 20 елді мекенде деректерді жіберетін 3G және 4G желілерін іске қосты және күшейткен еді. «250+» мемлекеттік бағдарламасының аясында Beeline байланысы мен интернеті 15 ауылға тартылды. Енді ол жерлердің тұрғындары, бұл дегеніміз 19 мың адам, ғаламторға еркін қосылып, контентті жоғары сапада көре алады және оқудың, жұмыстың жаңа мүмкіндіктеріне қол жеткізе алады.
Оператордың техникалық мамандары Маңғыстау облысындағы келесі елді мекендерде базалық станциялардың сыйымдылығын арттырып, қосымша LTE 800 қабаттарын іске қосты: Үштаған кенті, Ақшымырау кенті, Щебір кенті, Тущықұдық кенті, Шайыр кенті, Таушық кенті, Қызан кенті, (Маңғыстау облысы); Боранкөл кенті, Сарға кенті, Тажен кенті, Қызыләскер кенті, Ақжігіт кенті (Бейнеу ауданы); Құланды кенті, Бостан кенті (Қарақия ауданы).
Қарақия ауданының Құрық және Мұнайшы кенттерінде, Маңғыстау ауданының Сай өтес кентінде, «Өзенмұнайгаз» АҚ кен орындарының аумағында, Түпқараған ауданының Ақшұқыр және Саин Шапағатов кенттерінде, сондай-ақ Ақтау қаласының 2-ші, 20-сыншы және 32А ықшам аудандарында 3G/4G желілерінің таралу аймағы кеңейді.
Ал 2022 жылы Beeline компаниясы Бейнеу ауданының Есет кентінде базалық станцияны іске қосты.
«Біз шалғай ауылдарды жоғары жылдамдықты интернетпен және сапалы байланыспен қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастырып жатырмыз. Жыл сайын ғаламторға қосылатын елді мекендердің саны артып келе жатқаны қуантады», - дейді Beeline-ның Ақтау қаласындағы Техникалық бөлім басшысы Сергей Проненко.
Компанияның статистикасына сүйенсек, облыста трафик тұтыну көлемі соңғы 2 жылда 25%-ға өскен. Ақтауда Beeline абоненттерінің 82%-ы мобильді интернетті қолданады.
Егер Маңғыстау облысындағы 2020 және 2021 жылдардағы трафикті орташа тұтыну көлемін салыстырсақ, трафик 27%-ға артты.
Айтқандай, Ranking.kz деректеріне сүйенсек, Қазақстан мобильді интернеті арзан 10 елдің қатарына кіреді. Мобильді интернет сапасы бойынша Beeline Қазақстандағы №1 байланыс операторы (Vigo компанисының деректері бойынша). Қазір Beeline Қазақстанда шамамен 10 млн абонентке қызмет көрсетеді және Қазақстандағы ірі 30 салық төлеушінің қатарына кіреді.