Ақтауда «Бастауыш білім беру: тәжірибе мен инновация» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдерінің форумы өтті. Оған аудан, қалалардан келген 200-ге жуық мұғалім қатысты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Форум аясында білім беру ұйымдарының бастауыш сынып мұғалімдері «Үздік оқыту технологиялары», «Әдіс тәсілдер жәрмеңкесі», «Заманауи SMART технологиялар», «Рухани интелект дамыған ұрпақтың болашағы», «Төңкерілген сабақ технологиясы» тақырыптарында көрме ұйымдастырды.
Секциялық отырыста бастауыш мектепте оқыту мазмұны, бастауыш білім беру мазмұны,үлгілік оқу бағдарламалары,оқулықтар және оәк, олимпиадалар, ғылыми-жобалық зерттеулер, бастауыш мектеп мұғалімдерін дайындау, кәсіби біліктілігін көтеру, аттестаттау, алушылардың оқу жетістігін бағалау тақырыптары талқыланды. Сонымен қатар пән мұғалімдері қауымдастығының жұмысын күшейту мақсатында ұсыныс, пікірлер айтылды. Оған 150 педагог қатысты.
Ал форумның ІІ бөлімі пленарлық отырыспен жалғасты. Онда мұғалімдер баяндама оқып, мәселелерді жан жақты сараптады.
Форум соңында Маңғыстау облысында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Өмірзақ Есболат Кенғанұлы және №13 мектеп- гимназиясының ардагер ұстазы Нағима Мінбарқызы бастауыш сынып мұғалімдерін құттықтап, жұмыстарына сәттілік тіледі.
Білім басқармасының «Құрмет грамотасы» және «Алғысымен» бастауыш сынып мұғалімдері марапатталып, бүлдіршіндердің құттықтауына жалғасты.