Желі қолданушысы облыс әкімінің телеграм каналына ауданаралық автобустарда кассалық аппарат пен QR-код жоқ екенін жазды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық ҚКО-ға сілтеме жасап.
Тұрғынның сауалына Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мамандары жауап берді.
- Қазіргі таңда, жолаушыларға жол жүру билеті берілуде. Биыл наурыздан бастап жолаушылар жолақыны QR және банк карталары арқылы төлеп жүр. 2022 жылдың сәуір, мамыр айында №103, №104, №106 автобустарға электронды жолақы төлеу жүйесін толықтай енгізуді жоспарлап отырмыз, - дейді жауаптылар.