«Алтын белгі»-ге үміткерлер биылдан бастап «Алгебра және анализ бастамалары» пәнінен қорытынды емтиханды Назарбаев зияткерлік мектебінде тапсырады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қалған пәндер бойынша емтихандар әдеттегідей өз мектептерінде өтеді.
Шалғай елді мекендердің оқушыларын НЗМ базасында емтихан тапсыру үшін жауапты қызметкелер көлікпен жеткізеді.
«Бұл өзгерістер академиялық адалдық пен ашықтықты сақтауға бағытталған. Оқушы өз мектебінде емтихан тапсырғанда, мұғалім оған көмектескісі келеді. Бұл – дұрыс емес. Жақсы оқушы одан қорықпайды. Түлек немесе ата-ана бір пәнді НЗМ-да тапсырғысы келмесе, «Алтын белгі»-ден бас тарта алады», - дейді ҚР Білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Каринова.