Мұнайлы ауданындағы жалпы білім беретін № 1 мектептің оқушылары "Қоқиқаз қасіреті" қойылымын қойды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты эколог Әділбек Қозыбақовтың Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасай отырып.
"Қаракөл көлінің сақтаушылары" экопатруліне мүше оқушылар дайындаған бұл туындыны.
— Сюжет бойынша бір адам хайп жасап атын шығару үшін дронмен қоқиқаздарды түсірмекші болады. Бірақ ол істеген ісінің табиғатқа, қоқиқаздарға қаншалықты зиян екенін ойламайды. Балалар осы қойылым арқылы құстардың шарасыз халін, адамдардың таяз ойын көрсеткісі келгендей. Бұл қойылымдағы балалардың көз жасы үлкендердің ақылсыздығын естеріне салу үшін таматындай,— деп жазды эколог.