22 сәуірге қараған түні және таңертең Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде — солтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с дейін жел соғады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасай отырып.
Ақтау қаласында да күндіз солтүстік-батыстан жел соғады, жылдамдығы 15-18 м/с дейін жетеді.
Қауіпсіздік үшін Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді:
балкондар мен лоджияларға тексеру жүргізу керек;
барлық жеңіл және көлемді нәрселерді бекіту немесе бөлмеге көшіру керек.
Көліктерді ағаш пен тозығы жеткен ғимараттан алыс қойыңыз;
әйнектердің оңай шағылып қалуының алдын алыңыз және терезе жақтауларын бекітіңіз;
Балаларды бақылауға алыңыз, қараусыз қалдырмаңыз;
қатты желден үйдің қабырғаларына жақын жерге жасырынбаңыз, өйткені шатырдан шифер және басқа да материалдар құлауы мүмкін.
Аса маңызды болмаса, көшеге де шықпаңыз.