Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Қилыбай тұрғындарға есеп беріп жатыр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Кездесуде абаттандыру, көгалдандыру, ауыз сумен қамтамасыз ету, кәсіпкерлік, туризм, тұрғын үймен қамту, жұмыспен қамту мәселелері бойынша атқарылған жұмыстары баяндалып жатыр. Сонымен қатар алда атқарылатын жұмыс жоспарымен таныстырды.
Қаланың 2021 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндамадан кейін әкім тұрғындардың сауалдарына жауап береді.