15 сәуір күні сағат 12:22-де «102»-ге Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына бомба қойылғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz ПД-ға сілтеме жасап.
Шұғыл шақыруға Маңғыстау облысы ПД, ТЖД, ҰҚКД күштері жіберіліп, адамдар эвакуацияланды. Комиссиялық тексеру нәтижесінде факт расталмады.
Маңғыстау облысының ПД қызметкерлері мен ҰҚКД қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізіп, 26 жастағы Маңғыстау облысының азаматын ұстады.
Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Тергеу тәртібіне сәйкес, басқа мәліметтер жарияланбайды.
Күдіктіге 5 мың АЕК көлемінде айыппұл салынады немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.