Теңіз тартылғаннан кейін демалушылар үшін қауіпті болған плиталар мен темір арматура салынған аумақ тазартылды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Былтыр қала кәсіпкерлерінің бірі "Солдатский жағажайынан" яхта клубына дейінгі жағалауды тазартуға дайын екенін білдірді. Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Алпысбай Таубаевтың айтуынша, кәсіпкер өз қаражатына жағалауды тазалаған. Биыл теңіз жағалауын тазалауды тағы бір компания қолға алып отыр. Кәсіпкер өз қаражатына 1-15 ықшамаудандардың жағалауын тазартады. Кәсіпкерлер суға шомылу маусымы басталғанға дейін барлық жұмысты бітіруге уәде беріп отыр.