Жарты сағат бұрын орталық операциялар бөліміне ер адам қоңырау шалып, үш жасар қызы үйден шығып кеткенін және оралмағанын айтқан, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ООБ операторы Ұлттық ұланның барлық әскери бөлімдеріне бағдарлар жіберді. 5548 әскери бөлімінің сарбаздары қатардағы жауынгер Нұрәділ Байгелдиев пен патрульдік қатардағы Нұркен Өсерхан мен Әлішер Елеуов бірінші шағынауданда патрульдеу кезінде баланың жылаған дауысын естіген.
Байланыс арқылы кезекшіге хабарлаған тәртіп сақшылары баланы әкесіне қайтарған. Ата-аналар сақшыларға қырағылығы мен жеделдігі үшін шексіз алғыстарын білдірді.