© Фото полиция департаментінен
Ақтауда 4 сәуір күні үйінен шығып, хабарсыз кеткен Жансая Досымхан табылды. Оның қайда, кіммен болғаны әзірге белгісіз, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақтау қаласының тұрғыны жоғалған 15 жастағы қызды көшеде байқап, полицияға хабарлаған. Қазіргі уақытта қыз полиция департаментінде. Құзырлы орган қызметкерлері сөйлесіп жатыр, сонан соң ата-анасына тапсырылады.