Сонымен қатар, облыста 81 мың жол қауіпсіздігін бұзушылық анықталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz аймақтың ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
- Жол-көлік оқиғаларының негізгі себебі – жүргізушілердің жол жүру ережелерін сақтамауы, жылдамдығын арттыруы және жаяу жүргіншілердің белгіленбеген жерден өтуі. Маңғыстау облысының елді мекендеріндегі жол-көлік оқиғаларын азайту мақсатында жылдамдық режимін бұзу фактілері бойынша алдын алу іс-шаралары жүргізілуде, - деп атап өтті облыстық ПД басшысы Аян Дүйсембаев есеп беру кездесуінде.
Қазіргі уақытта өңірде 13 жылдамдық өлшегіш пен 6 камера жұмыс істейді, олардың санын жақын арада екі есеге арттыру жоспарлануда.
Облыс бойынша жедел басқару орталығының 936 бейнекамерасы Ақтау және Жаңаөзен қалаларында орналасқан. Олардың көмегімен өткен жылы 240 қылмыс ашылып, 37 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды. Сонымен қатар, аудан орталықтарында бейнекамераларды орнату жұмыстары басталды.
Полиция департаментінің бастығы есептік кездесуде азаматтардың сұрақтарына жауап беріп, олардың ұсыныстары мен пікірлерін тыңдады. Тұрғындар жол қозғалысы қауіпсіздігіне, кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстарға, көшелер мен аулалардағы қауіпсіздікке қатысты сұрақтар қойды. Өңір тұрғындары құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне халықпен тығыз жұмыс жүргізгендері үшін алғыс білдірді.
Өз кезегінде Аян Дүйсембаев облыстың тұрғындарға белсенді қатысқаны үшін алғыс айтып, полиция жұмысының басты мақсаты – азаматтардың құқық қорғау органдарына деген сенім деңгейі, қылмысқа қарсы күрес және қоғамдық тәртіпті сақтау екенін атап өтті.