Құрылыс жұмыстары 8 айға созылады. Бұл туралы Мұнайлыға ҚР Парламентінің Сенат депутаттары Бақтыбай Челпеков, Сүйіндік Алдашев және Серікбай Трұмов жұмыс сапары барысында айтылды. Қазір құрылыс жүргізетін мердігер мекемеге конкурс ұйымдастырылып жатыр.
Айта кетейік, ескі Қызылтөбе ауылында мыңнан астам жер учаскесіне газ желісі жер асты арқылы тартылған. Газ құбырынан ақау шыққандықтан тұрғындар қауіптеніп, шағымданған болатын.
Сондай-ақ биыл республикалық бюджеттен жалпы құны 11 млрд 800 млн теңгеге аудандық аурухана құрылысы басталады. Қазіргі таңда 2 млрд теңгесі бөлінді. Құрылысын жүргізу үшін конкурста “ЕвроСтрой А” ЖШС жеңімпаз ретінде анықталды. Құрылыс жұмысы 13 айға созылады.
Сенаторлар жұмыстарды уақытылы әрі сапалы атқаруды тапсырды.