Соңғы оқиға Құрық теңіз портында тіркелді. Әзербайжан Республикасы азаматының (шетел азаматының тұруға ықтиярхаты бар) бақылауымен Қазақстан-Әзірбайжан бағыты бойынша келе жатқан LEXUS LX570 автокөлігін шекарашылармен бірлесіп тексеру барысында жасырын және тиісінше декларацияланбаған 23 800 АҚШ доллары табылды. Азаматқа қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қозғалды.
Ал, Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті шетел валютасы мен алтын құймаларын әкетуге қойылған шектеуге байланысты Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерге шығатын тұлғалардың жауапкершілігін ескертеді.
Мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде кідірістерді болдырмау үшін сізде бар қолма-қол ақша сомасын жөнелту күні алдын ала есептеген жөн.
Шетелдік валютадағы қолма-қол ақша мен ақша құралдары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағамы бойынша 10 000 АҚШ доллары баламасынан аспауға тиіс. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі шығарған 5, 10, 20, 50 және 100 граммдық тазартылған алтын құймаларын және «АЛТЫН БАРЫС» және күмістен жасалған «КӨМІС БАРЫС» инвестициялық монеталарын (жүгіңізде) алып жүруге болмайды.
Тыйым салуды бұзу анықталған жағдайда тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз. Жеке тұлғаларға әкімшілік жауапкершілікке тартылған жағдайда он бес АЕК (45,9 мың теңге) көлемінде айыппұл салынады. Сондай-ақ сот шешімімен көрсетілген ақша мен тауарлар мемлекет пайдасына тәркіленеді.
Бір күн бұрын Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» 2022 жылғы 14 наурыздағы № 830 Жарлығымен шетел валютасын, алтын құймалары мен монеталарын шетелден әкетуге тыйым салынған болатын.