© Фото total.kz
Маңғыстау табиғатты қорғау полициясы
Баутино ауылында іс-шара өткізу барысында 25 жастағы күдіктіні ұстады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тексеру барысында қызметкерлер ер адамның үйінен 110 келі бекіре тұқымдас балық тапты.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 339-бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды .
Өзге ақпарат жария етілмеді.