24 млн теңге ұрланған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қара маскадағы белгісіз тұлға
Боранқұл ауылындағы үйге заңсыз кіріп,
кәмелетке толмаған баланы пышақпен қорқытып, металл сейфті ұрлаған. Оның ішінде 24 млн теңге , ұялы телефон және алтын бұйымдар болған.
Содан кейін ол қылмыс орнынан дереу із суытқан.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында үш күдікті ұсталып, уақытша қамау изоляторына қамалды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 192-б.4-б. 2-т. сотқа дейінгі тергеу басталды.
Өзге ақпарат жария етілмейді.