«Көктем – 2022» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін одан әрі жетілдіру, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-қимылдарға, азаматтық қорғау қызметтерінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын көктемгі кезеңге дайындау мақсатында өткізіледі. 3-4 наурыз аралығында «2022 жылғы су тасқыны кезеңіндегі төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға АҚМЖ-ның басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау» тақырыбында өткізілмек, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Оқу-жаттығуды өткізу барысында арнайы-тактикалық оқу-жаттығуды өткізу; жедел ден қою жасақтарын тексеру; басқару органдарының, азаматтық қорғау күштері мен құралдарының дайындық дәрежесін анықтау; су тасқыны жағдайының өршуін болжауды ескере отырып, аумақтардың қауіпсіздік паспорттарына, ТЖ жою бойынша іс-қимыл жоспарларына, эвакуациялау мен өзара іс-қимыл жасау іс-шараларына нақтылау және түзетуді жүргізу жоспарланып отыр. ТЖ алдын алу және жою комиссиясының, азаматтық қорғау қызметтері мен құрамаларының жедел штабтарының жұмысы ұйымдастырылады.