Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде Маңғыстау облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Жанна Тоқбаева хабарлады. Оның айтуынша, "Халықтық бақылауы" жобасы іске асуда.
Өңір бойынша 53 мониторингтік топ құрылып, онда 400-ден астам белсенді топ мүшелері жұмылдырылды. Мониторинг топтар ұдайы аптасына 2 рет монитоинг жүргізуде. Топтардың 60% әр түрлі деңгейдегі депутаттар мен қоғам белсенділерінен және ауыл әкімдері мен басқа мемлекеттік қызметкерлерден тұрады. Мониторинг топтарының басты мақсаты - ҚР «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 9 бабына сәйкес ӘМАТ тауарларына қойылатын үстемақының 15% аспауын қадағалайды. Түсіндіру жұмыстары толық жүзеге асты, әрі қарай азаматтардың шағымдары негізінде тексеру жүргізіледі. Бұл бөлшек сауда бағытында,-деді Жанна Тоқбаева.
Сондай-ақ, көтерме сауда бағытында сауда тізбектерін тергеп-тексеру комиссиясы жұмысын бастады. Аталған комиссияда облыстық депутаттар, қоғам белсенділері және мемлекеттік қызметкерлер барлығы 25 мүшесі бар. Комиссия 3 топқа бөлінеді. Олар: көкөністер, ет-сүт өнімдері, ұн, нан және жармалар нарығын зерттеу топтары. Аталған бағыттағы үш топ нарықта бағаның қалыптасуына анализ жасайды, яғни өндірушіден бастап тұтынушыға дейінгі бағаның қалыптасуы барысындағы делдалдардың саны бойынша және кәсіпкерлердің тауарларды тасымалдауға немесе сақтауға кететін шығындарына зерттеу жүргізеді.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлар бағасын көтермеу мақсатында тағы «Каспий» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы 3 бағытта бағаны тұрақтандыру бойынша жұмыстары атқарылады, яғни өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру, «айналым тетігі» бойынша қарыз беру және көктемгі маусымдық кезеңде бағаны тұрақтандыру үшін интервенция жасау. Сонымен қатар, алдағы уақытта тұрақтандыру қорындағы тауарларды қолжетімді бағада халыққа сату үшін қалалар мен аудандарда 7 әлеуметтік дүкендер ашу жоспарлануда.
Алдағы уақытта өңірді азық-түлікпен қамтамасыз ету бойынша 2021-2026 жылдарға арналған тұжырымдама жасақталған. Осы жобаға сәйкес, 6 жылда 48 жоба іске асып, 138,8 млрд. тенге инвестиция тартылады, 3291 жаңа жұмыс орны құрылады. Нәтижесінде ішкі нарықты азық-түлікпен қамтылады. Тұжырымдамаға енгізілген сүт зауыты, көтерме-тарату орталығы, коммуналдық базар, жылыжай кешенін салу ірі жобалары іске асырылуын қадағалап, агроөнеркәсіп кешеніндегі жобаларға басымдық берілмек.