Ақтаудың тергеу изоляторына келушілерді бауырсақпен қарсы алды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
ГМ 172/10 мекемесі Алғыс айту күнін ерекше атап өтуге шешім қабылдапты. Сотталғандардың туыстары немесе қорғаушылары, тергеушілер және қоғамдық қорғаушыларды дастарханмен қарсы алды. Қазақ ұлттық киімдеріндегі қыз-келіншектер шұбат пен бауырсақ ұсынып, құрт пен ірімшіктен дәм татқызды.