Бүгін Ақтаудағы көп балалы және ерекше бала тәрбиелеп отырған бір топ ана Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Г.Қалмұратовамен кездесті.
Кездесуге облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы, №1 және №2 мемлекеттік емханалардың бас дәрігерлері мен қаладағы жеке емханалардың басшылары қатысты.
Аналар облыс әкімінің орынбасарына денсаулық саласына қатысты шағымдары мен ұсыныстарын жеткізді. Аналардың шағымының негізінде денсаулық саласы басшыларына тапсырма берді. Сонымен қатар, тиісті мамандар өзге де сұрақтарға жауап берді.