Облыс әкімдігінің телеграмм каналы ашылғалы 3676 сұрақ келіп түскен.
Күні кеше желі қолданушылардың бірі Ақтау қаласының 17 шағын ауданында жаңа мектеп ғимараты қашан салынады деген сауалын жолдапты. Тұрғын сауалына Ақтау қалалық архитектура және құрылыс бөлімінің мамандары жедел жауап берді, деп хабарлайды Маңғыстау облысы Қоғамдық коммуникация орталығы. Жауаптылар қазіргі таңда «Ақтау қаласының 17 шағын ауданында 1200 орындық жалпы білім беретін мектеп салу жобасы жасақталып жатқаны туралы айтты. Қала әкімдігіндегілердің айтуынша, жаңа мектеп ғимаратының құрылысына қатысты мемлекеттік сараптама қорытындысы ағымдағы жылдың екінші тоқсанының басында шығады деп күтілуде. Осылайша құрылыс жұмыстары екінші жарты жылдықтың басында басталады, дейді жауаптылар.
СНХ: Аяжан Қайдар, МО ӘА "Қоғамдық коммуникация орталығы" КММ әлеуметтік желімен жұмыс бөлімінің маманы
- Бүгінгі таңда телеграмм каналға тоғыз мыңға жуық адам тіркелген. Соңғы уақытта ауыз су мәселесі, қоғамдық көліктің жай-күйі, жаңа шағын аудандардағы қажетті балабақша мен мектептер және де жылуға қатысты сауалдар көптеп түсуде. Телеграм каналға жолданған сауалдардың барлығына жауапты мекеме өкілдері дер кезінде жауап береді.