Сенек ауылында өрт сөндіру бекеті ашылды. Бұл туралы Сенек ауылының әкімі Оразғали Бекенбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Оның айтуынша, төтенше жағдайларды болдырмау, оның ішінде өрттің алдын-алу мақсатында аудан әкімдігі конкурс жариялады. Конкурс нәтижесінде «Өрт сөндіруші» акционерлік қоғамы жеңімпаз атанып, өрт сөндіру бекетін ашты. Қазір өрт сөндіру бекеті материалдық-техникалық базамен толық қамтылған.
«Бұл бекетте 15-ке жуық азаматтық қорғау саласының қызметкері жұмыс істейді. Олар ауыл тұрғындарына төтенше жағдайлардың алдын-алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, әлеуметтік және өзге де нысандарда өрт қауіпсіздігі бойынша техникалық қызмет көрсететін болады. Қазіргі уақытта аталған мекеме ауылдың 3 азаматын жұмыспен қамтыды», - деді Сенек ауылының әкімі Оразғали Бекенбаев.