Ақтау қаласының әкімі Н.Қилыбайдың төрағалығымен өткен жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» Қазақстан халқына арнаған жолдауы талқыланды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қала басшысы ең алдымен Президент жолдауындағы халқымыздың әл-ауқатын арттыруға бағытталған 5 бастамаға тоқталып өтті.
«Мемлекет басшысы еліміздің одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі басымдықтарын белгілеп берді. Президенттің алға қойған міндеттері мен бастамалары қоғамның сұранысы мен заманауи сын-тегеуріндеріне негізделген. Жолдаудағы бағыттардың іске әр аймақтағы халықтың әл-ауқатының артуы мен тұрмыс сапасының жақсаруының факторларына айналмақ», – деді қала әкімі Н.Қилыбай.
Сонымен қатар, еңбек ардагерлері Мемлекет басшысы Жолдауының барлық бағыттарының жеткілікті деңгейде іске асатынына сенім білдіріп, қала басшысына бірқатар коммуналдық салаларға қатысты өтініштерін жеткізді.