Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде Маңғыстау облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Адайбек Қалиев мәлім етті.
Оның айтуынша, былтыр Ақтау қаласына «Yutong» маркалы 18 дана отандық автобус келді. Қазіргі уақытта қалалық №3 және №7 маршруттарда қызмет көрсетуде.
«Ақтау қалалық автобус парктерін жаңарту жобасы» аясында DAEWOO BC211 маркалы 16 дана жаңа автобус сатып алуға өтініш берілді. Егер жоба жүзеге асқан жағдайда автобус паркінің жаңару деңгейі 90 %-ға жететін болады. Қазіргі уақытта МО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасымен салалық қорытынды берілді. Яғни жобаны қаржыландыруға облыстық маслихат сессиясының жергілікті бюджет есебінен 166 400 мың теңге бөлінді. Сондай-ақ Мұнайлы ауданы «Ақтау-Басқұдық-Маңғыстау» №105 маршрутына жеке кәсіпкер Р.Ахметнабиев өз қаражаты есебінен автобус паркін жаңарту мақсатында DAEWOO BC211 маркалы отандық 10 автобус сатып алуды жоспарлауда», деді Адайбек Қалиев.
Сонымен қатар, ол өңірдегі жол инфрақұрылым мәселесіне тоқталды. Ақтау – Форт-Шевченко және Хонда орталығынан Өмірзақ ауылына дейінгі 28,4 шақырымды қамтитын жолды реконструкциялау бойынша 2 жаңа жобаның жұмысы жүргізілген. Қазіргі уақытта асфальт төсеу жұмысы аяқталып, жарық шамдарын орнату жүргізіліп жатыр.
«Ауыл – ел бесігі» жобасы бойынша жалпы сомасы 2 млрд 948 млн теңге болатын 89,4 шақырым жол құрылысы мен орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл С.Шапағатов, Жетібай Ақжігіт, Құрық, Бостан, Шетпе, Жыңғылды, Басқұдық, Баянды және Өмірзақ ауылында жүзеге асырылып жатыр. Өңірде жергілікті маңыздағы жолдардың үлесі 94% құрайды. Алдағы уақытта бұл көрсетішті 95% жеткізу жоспарлануда», деді Адайбек Қалиев.