Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде Маңғыстау облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Ғазиз Надуев мәлім етті.
«Маңғыстауда қауіпті індет жағдайы тұрақталып келеді. Мәселен, өткен аптада 820 жағдай тіркелсе, соңғы аптада 167 жағдайы тіркеліп отыр. Салыстырмалы түрде аурудың деңгейі 3,7 есеге төмендеген. Оның ішінде шағыммен 119, шағымсыз 48 науқас бар. Тіркелген 167 жағдайдың тығыз қарым қатынаста болғандар арасынан 43, өздігінен қаралғандар 105, профилактикалық мақсатта 43, ошақта қарым қатынаста болған адамдар саны 765», деді Ғазиз Надуев.
Оның айтуынша, бір тәулікте облыс бойынша 38 адамнан вирус анықталған. Қауіпті індетті жұқтырғандардың көбі Ақтау, Жаңаөзен қалалары мен Түпқараған ауданының тұрғындары.
«Облыс бойынша соңғы тәулікте 38 жағдай тіркеліп отыр. Бір күнде Ақтау қаласында 20 жағдай, Жаңаөзенде 2, ал Түпқарағанда 2 адам қауіпті індет жұқтырған», деді Ғазиз Надуев.