Маңғыстау облысының аумағында карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең - кезеңмен жеңілдету туралы
Маңғыстау облысының тұрғындары арасында COVID–19 короновирус инфекциясының (бұдан әрі - COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы 2020 жылғы 07 шілдедегі Кодексінің 9, 36, 102, 104 және 107 баптарына, «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын және пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-293/2020 бұйрығына және «Қазақстан Республикасының халқы арасындағы коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 02 қыркүйектегі № 38, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең - кезеңмен жеңілдету туралы» 2021 жылғы 10 қыркүйектегі №42, «Ashyq» жобасын енгізу туралы» 2021 жылғы 26 тамыздағы №37 қаулыларына және COVID-19 сырқаттанушылықтың тіркелуінің жалғасуына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің
«Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең - кезеңмен жеңілдету туралы» 2021 жылғы 10 қыркүйектегі №42 қаулысының 4 қосымшасына сәйкес объектілердің қызметіне қойылатын талаптары сақталсын.
2. Қалалар мен аудандардың әкімдеріне:
1) мыналардың жұмысына:
- демалыс күндері – осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес «Ashyq» жобасына қатысатын, «Ashyq» жобасының көшбасшылары әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемшарттарына сәйкес барлық объектілерінің жұмысына - сағат 00.00-ге дейін, қызметкерлер мен келушілерде «жасыл мәртебе» болған жағдайда (вакцинация, сынама алған кезден бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тесті, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған адамдар). «Жасыл мәртебе» болуға қойылатын талап облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалға, отельдерге, қонақ үйлерге, әуежайларға, теміржол вокзалдарына, білім беру объектілеріне, ЖОО, колледждерге, интернаттарға, білім беру ұйымдарының жатақханаларына қолданылмайды;
2) «Ashyq» жобасына қатысатын барлық бизнес объектілері үшін жұмыс уақытын (режимін) жұмыс күндері сағат 22.00-ден 00.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшылары үшін сағат 00.00-ден 02.00-ге дейін ұзартылсын.
3. Маңғыстау облысының қала және аудан Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері:
1) «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемшарттарының сақталуын бақылауды;
2) «Ashyq» жобасын ұйымдастыруға және енгізуге қойылатын талаптарды бұзу фактілері бойынша жобаға қатысушыларға қатысты және шектеу және карантиндік шараларды бұзуға жол берген адамдарға қатысты әкімшілік ықпал ету шараларын қолдануды.
4. «Атамекен» ӨКП (келісу бойынша) «Ashyq» жобасына қатысушылардың арасында бұзушылықтардың алдын алуды жүргізуді қамтамасыз етсін.
5. «Ashyq» жобасына қатысушылар:
1) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің ««Ashyq» жобасын енгізу туралы» 2021 жылғы 26 тамыздағы №37 қаулысының 2-қосымшасына сәйкес «Ashyq» жобасын енгізуге және оған қатысуға қойылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз етсін.
6. Қалалар мен аудандардың әкімдеріне:
1) мониторингтік топтардың шектеу шараларының сақталуына рейдтік іс-шараларды ұйымдастыру, бұзушылықтар анықталған немесе талаптар орындалмаған кезде санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарында тиісті әкімшілік шараларды қабылдау үшін құжаттарды сапалы рәсімдеу және уақтылы беру қамтамасыз етілсін.
7. Маңғыстау облысының ішкі саясат басқармасы осы қаулыны барлық мүдделі ведомствалардың назарына жеткізіп, бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілері арқылы халықты хабардар етсін.
8. Маңғыстау облысының санитариялық – эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқарма басшыларына:
1) қалалар мен аудандардың әкімдіктерімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі №38 қаулысының талаптарының орындалуын қамтамасыз ету;
2) осы қаулының 1,2 қосымшаларына сәйкес өлшемшарттар негізінде әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеуді қамтамасыз етсін. Бұл ретте шектеу шараларын қатаңдату 5 күн бойы эпидемиологиялық жағдай күрделенген жағдайда («жасыл» аймақтан «сары» аймаққа немесе «сары» аймақтан «қызыл» аймаққа көшу), карантиндік шараларды жеңілдету «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа немесе «сары» аймақтан «жасыл» аймаққа көшкеннен кейін 7 күннен кейін жүргізіледі.
9. «Маңғыстау облысының аумағында карантиндік шектеу шараларын қатаңдату туралы» Маңғыстау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 15 шілдедегі №14, «Маңғыстау облысының аумағында карантиндік шектеу шараларын қатаңдату туралы» 2021 жылғы 15 шілдедегі №14 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Маңғыстау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 7 қыркүйектегі №20 қаулыларының күші жойылды деп саналсын.
10. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
11. Осы қаулы 2021 жылғы 25 қыркүйек сағат 00-ден бастап күшіне енеді.
Маңғыстау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Г.Надуев