Ақтау қаласындағы лифтілерге қызмет көрсету нарығы бәсекелестік ортаға беріледі, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Лифтілерге қызмет көрсету және оларды күтіп ұстау мәселесі Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында монополияға қарсы орган жанынан құрылған кедергілер жөніндегі Кеңес отырысында осы салада қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлермен көтерілді.
Бұрын жүргізілген кешенді іс-шаралардың нәтижесінде Монополияға қарсы органмен Ақтау қаласының жергілікті атқарушы органының әрекеттерінде бәсекелестікті шектеуге немесе жоюға әкелетін бәсекелестікке қарсы әрекеттермен сипатталған монополияға қарсы заңнаманың бұзушылықтары анықталды.
Бұған дейін Монополияға қарсы органмен атқарылған кешенді іс-шаралар нәтижесінде Ақтау қалалық жергілікті атқарушы органның әрекеттерінде бәсекелестікті шектеумен және белгілі бір тұтынушылар тобының заңды құқықтарына қысым жасаумен сипатталған бәсекелестікті қорғау саласындағы бұзушылық белгілері анықталды.
Атап айтқанда, әкімдік нарыққа кіруді шектейтін акт шығарғаны белгілі болды, онда бір монополист («Ақтау қалалық лифтілері» ЖШС) 388 лифтке қызмет көрсетіп келген. Бұл серіктестік нарықты толығымен монополиялап, өз шарттарын талап етіп, осылайша көп қабатты үйлер тұрғындарының құқықтары бұзылып келген.
Осыған байланысты монополияға қарсы органмен Ақтау қаласының әкімдігіне «Нұсқама» түрінде монополияға қарсы ден қою актісі енгізілді, ол толық көлемде орындалып, онда тұрғын үй заңнамасына сәйкес лифтілерді тұрғындардың балансына беру бойынша жұмыстар басталған болатын.
Енді тұрғындар меншіктегі лифтілерге қызмет көрсететін ұйымдарды таңдай алса, кәсіпкерлер осы нарыққа кедергісіз кіре алады, сондай-ақ бұл лифтілерді пайдалану сапасы мен бағасына оң әсерін тигізетіні белгілі.