Ақтауда марихуана өсірген 53 жастағы тұрғын ұсталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Облыстық полиция қызметкерлері құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді өсірумен айналысқан 53 жастағы Ақтау қаласының тұрғынын анықтады. Күдіктінің тұрғылықты жері бойынша марихуана өсіргені белгілі болды. Полиция қызметкерлері тыйым салынған өсімдіктің 92 бұтақшасын тәркіледі. Ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК 300-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, делінген МО полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.