Ақтаулық тұрғыннан марихуана мен револьвер тәркіленді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Тәртіп сақшылары 15 шағынауданның 21 үйдің жанынан күдіктіні ұстаған. Тінту барысында ер адамнан салмағы 6,23 грамм марихуана салынған пакет, темекі шегуге арналған пластикалық бөтелке, «Дан Вессон» маркалы револьвер және төрт патрон мен «Смит Вессон»маркалы пышақ тәркіленді.
«Аталған факті бойынша ҚР ҚК 297 - бабының 1-бөлігі, ҚР ҚК 287-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», делінген МО полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.