Маңғыстау облысының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы қызметкерлері Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауын тыңдап, айтылған мәселелер бойынша пікір білдірді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бүгін Президентіміздің жолдауын тыңдадым. Үкіметтің алдына бірқатар өзекті тапсырмаларды белгілеп, нақты бастамаларды айқындады. Атап айтқанда: инфляция деңгейін 4-6 пайыз аралығында сақтау, халықтың тұтынатын азық-түлік өнімдерінің бағасының тұрақтылығын қалыптастыру, еліміздің дамуына тың серпін берген «Қарапайым заттар экономикасы» жобасын 2022 жылға дейін ұзартуға тиісті қаражат бөлу, агроөнеркәсіп кешенін дамытуға жан-жақты қолдау көрсету бағыттарын айқындау жөнінде нақты тапсырмалар берді.
Сонымен қатар, ауыл шаруашылық саласында кіші шаруа қожалықтарына субсидия беруді қайта қарауды және қазіргі орын алған қуаңшылық жағдайына орай жеке қосалқы шаруа қожалықтарының жайылымдық жерлерге қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету аясында нақты шараларды жүргізуді тапсырды.
Бұған қоса, денсаулық сақтау, білім беру салаларына да ерекше көңіл бөлініп отыр. Ерекше қуантқаны – денсаулық сақтау саласында халыққа қолжетімді де сапалы қызмет көрсету жүйесін барынша реттеу және білім сапасын арттыру шараларының басымдылығы айқындалды. Бұл бастамалардың барлығы – біздің өңіріміз үшін де өзекті.
Өз кезегінде, бүгінгі Жолдауда айқындалған тапсырмалар мен бастамалардың орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстарды әрі қарай жалғастыратын боламыз, - деді облыстық Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бөлім басшысы Ғалия Арысбекова.
Маңғыстау облысының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы