Маңғыстау облыстық Ішкі саясат басқармасы ұжымы Президенттің жолдауын тыңдады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
"Бүгін бас маман қызметіндегі алғашқы жұмыс күнім. Жаңа қызметім ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жолдауымен тұспа-тұс келгеніне қуаныштымын. Жолдау менің қызмет жолымда үлкен серпін береді деген ойдамын. Жолдауды іске асыру әр азаматтың, әрбір мемлекеттік органның басты мақсаттарының бірі деп ойлаймын, - дейді Ішкі саясат басқармасы талдау және мониторинг бөлімінің бас маманы Айгерім Утеулиева.