Құрметті ұстаздар, ата - аналар, аяулы оқушылар!
Шуақты қыркүйек айының алғашқы күні - Білім күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін - ұлағатты ұстаз бен оқуға құштар шәкірттің қауышатын сәті. Араға уақыт салып бүгін оқушылар алтын ұя мектебіне қайта оралды. Ал, мектеп табалдырығын алғаш аттаған балдырғандар сыңғырлаған қоңырау үнімен табысып отыр.
Білім - адамзаттың сарқылмас қазынасы. Адамзат тарихында ұлт болсын, ұлыс болсын тек білім арқылы ғана өзінің көздеген мақсатына жетеді, біліммен ғана басқалардан озады.
Жазушы Мұхтар Әуезов «Ұлт пен ұлтты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе — білім» деген болатын. Ендеше, бүгінгі сағыныш пен шаттыққа толы 2021-2022 оқу жылының басталуымен құттықтаймын!
Жаңа оқу жылы табысты, жетістікке толы жыл болсын!
Ізгі тілекпен Ақтау қаласының әкімі Н.Қилыбай