Маңғыстауда облысында ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігі бойынша 3 тұрғынға оқшаулау тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Санкция бойынша 87 510 теңге айыппұл қарастырылған (30 АЕК).
ПТР тесті оң нәтиже көрсеткен тұрғындар қоғамдық орындарға барып, «ASHYQ» жүйесінде жұмыс істейтін нысандарда қызметтерді қолдануға тырысқан.
Осыған байланысты санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті үй карантинінде жүрген адамдарды өзін-өзі оқшаулау шарттарын қатаң сақтауға шақырады.
14 күндік үй карантинін бұзған «қызыл статусы бар» Маңғыстау облысы тұрғындарының тізімі:
1) Отарбаев Ж. Д. – Жаңаөзен қаласы;
2) Егдербаев Т. А. – Жаңаөзен қаласы;
3) Онаев Е. А. – Жаңаөзен қаласы.
Айта кетейік, өңірде осы күнге дейін 14 күндік үй карантинін бұзған 17 тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылған.