Маңғыстау облысында кеше коронавирус сырқатынан 363 адам емделіп шықты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
17 тамыздан бастап бүгінгі күнге дейін 1 683 маңғыстаулық сырқатынан жазылып шықты.
Қазіргі уақытта стационарларда 995 науқас емделіп жатыр. Өткен тәулікте 242 адамнан коронавирус анықталды. Өкінішке қарай, 20 адам қайтыс болды.