«Маңғыстау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің облыс аумағындағы карантиндік шектеу шараларын қатаңдату туралы» 2021 жылғы 15 шілдедегі №14 Қаулысының №1 қосымшасына («ASHYQ» жобасына қатысушы кәсіпкерлік нысандарға қатысты) өзгерістер енгізілді.
Бұл туралы ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.
«Маңғыстау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа №17 Қаулысы бойынша өңірдегі бірқатар қызмет көрсету нысандары үшін карантин талаптары жеңілдетілді.
Бұдан былай өңірдегі «ASHYQ» жобасының көшбасшылары түнгі сағат 00.00-ге дейін қызмет көрсетеді»,-делінген хабарламада.
Бұған дейін өңірдегі барлық бизнес нысандары 20.00-ге дейін кәсібін жүргізуге міндеттелген.
Қазіргі таңда облыс аумағында «ASHYQ» жобасына 2093 қатысушы тіркелген. Олардың ішінде 86 нысан «ASHYQ» көшбасшысы ретінде танылды.