Маңғыстау облыстық мәслихат депутаттары Жаңаөзендегі провизорлық орталыққа көмек қолын созды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Ел жанашырлары Ахмет Салманов, Аббат Өрісбаев пен Ақылбай Есболұлы Жаңаөзен көпбейінді қалалық ауруханасының «Мұнайшы КВИ 1» провизорлық орталығына кондиционер жеткізді.
«Қиын уақытта адамдарға көмектесуге дайын тұратын осындай әріптес ағаларыма, інілеріме алғыс айтамын. Әріптестермен бірлесе дәрігерлерге қажетті қысқатолқынды пеш, шәйнек алып бердік. Ақ халатты абзал жандар аман болсын», - деді Аббат Өрісбаев.