10 тамыз - Ұлы ақын Абай күніне орай бүгін Ақтауда ақынның ескерткішіне гүл шоқтары қойылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Шараға облыс әкімінің орынбасары Г. Қалмұратова, қала әкімінің орынбасары Ә. Байпақов, қалалық «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары А. Шамшадинова және өзге де зиялы қауым өкілдері қатысты.
Ақынның есімін ұлықтау мақсатында 2020 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Үкімет 10 тамызды Абай күні деп белгілеп, еліміздің атаулы мерекелер тізбесіне енгізді.
Бүгінде Абай ұлтымыздың рухани реформаторы, әлемдік деңгейдегі кемеңгері ретінде теңдессіз шығармалары насихатталып жүр. Ал, ақынның өлеңдері мен қара сөздері, философиялық толғамы өзектілігін жоймаған, ұрпақтан ұрпаққа бағдар болып келеді.
Жиынға қатысқан зиялы қауым өкілдері Абай биігінің ешқашан аласармайтынын жеткізді.