Облыста 5-12 шілде аралығында жедел жәрдем қызметіне 6 008 шақырту түскен, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Оның ішінде КВИ бойынша 226, пневмония бойынша 231 шақырту болған.
Айта кетейік, алғашқы медициналық-санитарлық көмек мекемелерінде 95 мобильдік бригада, 53 жедел жәрдем бригадалары бар. Облыстағы жедел-жәрдем автопаркі толықтай жаңарды.
Медициналық ұйымдар қажетті жабдықтармен толық көлемде қамтылды. Атап айтқанда 263 ИВЛ аппараттары, 638 оттегі концентраттары, 928 пульсоксиметр, 162 перфузор, 28 рентген, 4 компьютерлік томография аппараттары бар.