Маңғыстау өңірінде коронавирус инфекциясына қарсы екпе алушылар саны күніне 4 есе өсті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қазіргі уақытта облыс бойынша вакцина алғандардың жалпы саны 118 766 адам. Оның ішінде бірінші компонент алғандар саны 78 135 адам, ал екінші компонент алғандар саны 40 631 адам.
Айта кету керек, Маңғыстауда Covid-19-ға қарсы екпе алу биыл 2 ақпанда басталды. Егер 5 айда вакцина алғандар саны 60 000 мыңнан асса, соңғы екі аптада 20 000 мыңға жуық адам ерікті түрде екпе салдырды.
Мәселен, Ақтау қалалық № бірінші емханасында алғашында бір егу кабинеті болатын, бүгінде үш егу пункті жұмыс істеп тұр. Алдағы уақытта оның санын көбейту жоспарда бар. Сондай-ақ, екпе алу қарқыны "Нейрон" емханасында да байқалады, делінген МО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде. Екпе жұмыстарын жүргізуге 547 медицина қызметкері аттестациядан өткізіліп, дайындалды. Барлығы облысқа 221 250 доза вакцина жеткізілді, оның ішінде: ресейлік «Sputnik V»: I - компонент 96 150 доза; II – компоненттен 66 600 доза; «QazVac» – 7 000 доза; «Хаят» – 31 500 доза, Коронавак - 20 000.
Облыста КВИ-ге қарсы вакцинацияға арналған 38 екпе кабинеті, 14 жылжымалы бригада жұмыс істейді. Атап айтқанда, Ақтау қаласында – 17, Жаңаөзен шаһарында – 6, Бейнеу ауданында - 4, Қарақия ауданында - 2, Маңғыстау ауданында - 1, Мұнайлы ауданында - 3, Түпқараған ауданында – 5.
Облыс бойынша вакциналарды сақтайтын 25 мұздатқыш, 15 термоконтейнер бар.