«Дипломмен ауылға» бағдарламасы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен құрылып, 2009 жылы жүзеге аса бастады. Түпқарағанда бұл бағдарламаның шарапатын көрген жас маманның саны 500-ден асады. Бұл туралы Түпқараған ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті.
Жас маманның барлығы көтерме жәрдемақыға ие болған. 100 маман несие бойынша жеке тұрғын үйге қол жеткізген. Басым бөлігі білім, денсаулық саласында жұмыс істесе, қалғаны әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіп кешені саласында қызмет етеді.
Айта кетейік, соңғы жылдары «Дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы екі бағытта қаржылай қолдау көрсетіліп жатыр.